Университет үш «Үздік оқытушымен» толықты

48

0

Университет үш «Үздік оқытушымен» толықты2014 жылдың 30 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде вице-министр Т.Балықбаевтың төрағалығымен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары мен берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №235 қаулысына сәйкес ұйымдастырылған конкурсқа еліміздегі 90 жоғары оқу орнынан 545 оқытушы қатысқан.
Үздік оқытушыларға тағайындалған грант әлемнің жетекші университеттерінде шетелдік тағылымдамадан өтуге, ғылыми және білім беру жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді. Осындай зор мүмкіндікке ие болған оқытушы-ғалымдар қатарында іргелі білім ордасы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұстаздары да бар. Бұған дейін оқу орнында 40 оқытушы жылдың үздігі атанса, бұл қатар үздік 3 оқытушымен толықты.
2014 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік оқытушысы» атағына биология ғылымдарының докторы, профессор Салтанат Жарылқасынқызы Ибадуллаева, техника ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Роза Абдибекқызы Нарманова, техника ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Темірбек Жамедұлы Жумағұлов лайықты деп танылды. Дәстүрлі байқаудан жеңімпаз атанған оқытушы-профессорлар университетте бірнеше жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді. «Үздік оқытушыларды» университет ұжымы атынан жетістіктерімен құттықтай отырып, білім, ғылым жолындағы еңбектеріне зор табыс тілейміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз