Университеттің 1948 жылғы түлегі – бүгінгі академикпен кездесу өтті

41

0

Университеттің 1948 жылғы түлегі - бүгінгі академикпен кездесу өттіҚорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер
сарайында университеттің 1948 жылғы түлегі,философияғылымдарының
докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі
Досмұхамед Кішібековтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Тұлға тағылымы»атты кездесу өтті. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының
академигі, философия ғылымының докторы, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық
техникалық зерттеу университетінің профессоры Ұлықпан Сыдықов, Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Көшім Есмағамбет, Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы Әбдіжәлел Бәкір, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Тимур Кішібеков және университеттің профессор-ғалымдары мен студент-жастар қатысты.

Жиынды филология ғылымдарының докторы, профессор
Бағдат Кәрібозұлы жүргізіп отырды. Кездесудің ашылуында университет
ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Алдабергенұлы
Бисенов академик Д.Кішібековтің өнегелі өмірі мен отандық ғылымға қосқан
өлшеусіз үлесіне тоқталып, ғалымды университет ректоратының шешімімен
«Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен» марапаттады.

Философия саласында дара танылған академик жайлы
әріптес-замандастары Ұлықпан Сыдықов, Әбдіжәлел Бәкір, университет
ғалымдары Қ.Құдайбергенұлы, О.Бермаханов естеліктер айтып, мерейтой
иесінің тұлғалық болмысына тоқталды.

Ғалым Ұлықпан Сыдықов Сыр топырағы қазақтың
қабырғалы азаматтарын түлеткен киелі мекен екендігін атап өтті. «Осындай
ұлт мақтаныштарының бірі – «Қазақ философиясының бәйтерегі»
Д.Кішібеков», – деді ол өз сөзінде.

Ғылымға жастайынан құмартқан Д.Кішібеков 1965 жылы
В.И.Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми
Кеңесінде диссертация қорғап, небәрі 40 жасында философия ғылымдарының
докторы атанды. 1996 жылдан Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық
техникалық университетінің профессоры.

Өзінің отандық ғылымға қосқан өлшеусіз үлесі үшін
2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
болып сайланды. 800-ден астам ғылыми еңбегі, 70 монографиясы мен
кітаптары жарыққа шыққан. Бүгінде академиктің ғылыми дәледенген құнды
пікірлері қоғам дамуына өз септігін тигізіп келеді.

Кездесу соңында қатысушылар «Философия – адамзаттың даналық ілімі» атты кітап көрмесін тамашалады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз