Қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

69

0

Бүгін, 31 мамырда қызылордалықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, жазықсыз жапа шеккендердің аруағына құран бағыштады. 
Аталмыш шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қуғынға ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, ардагерлер, еңбек ұжымдары мен қоғамдық және саяси бірлестіктердің өкілдері қатысып, бір минут үнсіздікпен еске алды. 
Сол бір нәубатты жылдары елімізде 100 мыңнан астам адам солақай саясаттың қаһарына ұшырып, 25 мыңдайы ату жазасына кесілді. Көптеген көзі ашық халық қалаулылары мен ұлт жанашырлары жазықсыз жаланың құрбанына айналды.
  – Тәуелсіздік үшін Алаштың арда ұлдары солақай саясаттың құрбаны болды. Аяусыз зорлық-зомбылық көрді. Сол бір зұлмат уақытта біздің елімізге де мыңдаған өзге ұлт өкілдері жер аударылды. Қазақ жұртшылығы барлығына құшақ жайып, бір үзім нанды бөлісіп жеді. Біз олардың есімін ұмытпай, әрдайым ұлықтауымыз қажет, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. «Мұнан соң гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, жоғарғы және арнаулы оқу орындарының басшылары да жазықсыз жапа шеккендердің рухына  тағзым етті» деп хабарлайды облыс әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз