Велошабандоздар Андрей Кашечкин жүлдесін сарапқа салды

45

0

Велошабандоздар Андрей Кашечкин жүлдесін сарапқа салдыТәуелсіздіктің 25 жылдығына орай халықаралық спорт шебері Андрей Кашечкин жүлдесі үшін Қызылордада ұйымдастырылған жасөспірім ұл-қыздар жарысына 100-ден астам велошабандоз қатысты. 
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, бағдарламаға сәйкес спортшылар 25 шақырымдық критериум жарысында сынға түсті. Нәтижесінде 2001-2002 жылы туылған ұлдар арасында Жәнібек Төлеген бірінші болып келсе, Бексұлтан Әбтаев екінші, Әліжан Әбілбек үшінші орындарды иеленді. 2003 жылы туылған және одан төмен жастағы спортшылар арасында Әсет Орынбасар жарыс жеңімпазы атанды. Аян Шектібаев 2-орынды, Ержан Абдулхамит 3-орынды еншіледі. 
Қыздар арасында Аружан Жайшылықованың мерейі үстем болды. Қалған орындарға Анастасия Иванова мен Ақтолқын Әбдіжаппар ие болды. 
Сондай-ақ «Ең жас велошабандоз» номинациясымен Максим Матияш (2007 жылғы), Ақдәулет Бақытжанов (2007 жылғы), Нұрай Пернебай (2005 жылғы) марапатталды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге грамота және естелік сыйлықтар табысталды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз