Веложарыс жеңімпаздары анықталды

134

0

Веложарыс жеңімпаздары анықталдыҚызылордада ҚазКСРО –ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ли Валентин Захаровичті еске алуға арналған ұлдар мен қыздар арасында веложарыс аяқталды. Екінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Ақмола, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 11 команда бақ сынасты. 
Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде 15 шақырымдық жекелей жарыста қыздар арасында Әсем Төлемісова бірінші болып келсе, ақмолалықтарУльяна Сухоребрик күміс жүлдені, Алена Оськина қола жүлдені еншіледі. 
Ұлдар арасында ақмолалық  Сергей Срибный жеңіс тұғырына көтерілсе,  қызылордалық Айзат Сүлейменов 2-орынды, шығысқазақстандық Мейіржан Қайсаров 3-орынды иеленді. 
30 шақырымдық топтық жарыста қыздар арасында ақмолалық  Елизавета Гринберг бірінші, қызылордалықтар Анастасия Иванова екінші, Әсем Төлемісова үшінші орындарға ие болды. 
40 шақырымдық ұлдар арасында шығысқазақстандық Мейіржан Қайсаров жеңімпаз атанса, қалған орындарды қызылордалық Айзат Сүлейменов пен ақмолалық Әлібек Әбдіров еншіледі. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз