Ветеринариялық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі

41

0

Ветеринариялық қауіпсіздік қамтамасыз етіледіШиелі. Аудан көлемінде ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында 2011 жылғы «Шиелі аудандық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылған болатын.
Аудандағы ветеринариялық іс-шараларға сәйкес атқарған жұмыстарының табысының есебінен кәсіпорын биыл жаңа қызметтік ғимарат сатып алды. Оған қоса, 2013 жылы республикалық бюджеттен 76 млн 485 мың теңге қаржыға ветеринариялық қызметтер көрсетуге қажетті құрал-жабдықтар алынды. Ал, 2014 жылы «Эпизоотияға қарсы шаралар» бағдарламасы бойынша 90 млн 355 мың теңге қаржыға жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында егулер мен тексерулер жүргізуге келісім шарт жасалып, салынуға тиісті ветеринариялық препараттар 1 наурыз күні жеткізілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз