
Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Базарбек Саховтың айтуынша, Шиелі ауданы бойынша 3 мал сою алаңы, 2 типтік жобадағы мал қорымдары жұмыс жасауда. Қалған ауылдық округтерде қарапайым әдіспен салынған мал қорымдары пайдалануда. Сондай-ақ, адам өміріне аса қауіп төндіретін Конго-Қырым гемморагиялық қызбасы ауруының алдын алып, оны болдырмау мақсатында тиісті іс-шараларды ұйымдастырып жатыр.