Вице-министр оқулықтан планшетке көшуді ұсынды

45

0

Вице-министр оқулықтан планшетке көшуді ұсындыОқулық тапшылығы проблемасын жою үшін толығымен электрондық оқулық форматына көшкен дұрыс. Бүгін Мәжілісте «Ақпараттандыру туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Инвестициялар және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев осындай ұсыныс жасады.

Тоқтала кететін жайт, таныстырылым барысында депутат Светлана Романовская еліміздің мектептерінде электрондық оқулықтар енгізу туралы пікірін вице-министрден сұраған. «Мен бұрыннан планшеттер мен электронды оқулықтарға көшудің уақыты келді деп санаймын. Менің кішкене балаларымның өзі мектепке толы чемоданмен барады. Ал оларға мектепте 2-3-ші қабаттарға көтерілуге тура келеді. Тіпті, отырып алып ойланасың, олар қалай көтеріледі? Сондықтан да, мен бұл мәселені әрқашанда қолдаймын. Осыны қашанда ілгерілете бермекпіз», – дейді А. Жұмағалиев.

Вице-министрдің айтуынша, білім беру саласында электронды форматқа көшуде нақты нормаларды енгізілуі қажет етілуі мүмкін. «Жалпы, электрондық оқулықтар бойынша біз тиісті шешімдерді қабылдап, оны жүзеге асыра аламыз. Жүйе дайын», – дейді А. Жұмағалиев.

 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз