Витус \»Қайсарға\» келе ме?

60

0

Витус "Қайсарға" келе ме?Республикалық «vesti.kz» сайтының хабарлауынша, Қызылорданың «Қайсары» алдағы маусымда белаусь футболшысы Максим Витуспен келісім-шартқа қол қоюы мүмкін.
Максим Юрьевич Витус 1989 жылдың 11 ақпанында Беларусьтің Волковьск қаласында дүниеге келген. Футболмен 15 жасынан бастап айналысады. Волковьск аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Өзінің кәсіби карьерасын 2007 жылы Минскінің МТЗ-РИПО командасында бастаған. Аталмыш командада бес жыл бойы ойын көрсетіп, онда 59 кезедсуде жасыл алаңға шықты. Ал команданың қосалқы құрамында 62 кездесу өткізіп, қарсыластар қақпасына 1 доп соққан. Шотландияның «Хартс» командасында тәжірибеден өткен. 2012 жылдың 2 ақпапында Гродно қаласының «Неман» командасымен екі жылдық келісім-шартқа отырды. 2007 жылы Белаусьтің жасөспірімдер құрамасы сапында Гранаткин турниінің жеңімпазы атанды. Аталмыш елдің олимпиадалық құрамасында жолдастық кездесулерге қатысты. 2012 жылғы Лондон олимпиадасында ойын көрсетітін өқрама сапынан орын алған. Алайда, жарақатына байланысты оған қатыса алған жоқ. 
Ол қорғаныс шебінде ойын көрсетеді. Бойы 181 сантиметр, салмағы 76 келіні құрайды. «Неман» командасында 23 нөмірлі жейде киді.
Әзірге бұл жөнінде басқа ешқандай ақпарат айтылмай отыр. Витус «Қайсарға» келе ме, оны уақыт көрсетеді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз