Волейболдан Қазақстан чемпионатында қызылордалықтар күміс жүлде иеленді

38

0

Волейболдан Қазақстан чемпионатында қызылордалықтар күміс жүлде иелендіЖуырда Екібастұз қаласында 2000-2001 жылдары туған жасөспірімдер
арасында волейболдан Қазақстан Республикасының күзгі чемпионаты өтті.

Еліміздің
облыс орталықтарынан 10 команда, 130 спортшы қатысқан дүбірлі сайыста
жерлестеріміз күміс жүлдені еншіледі, деп хабарлады облыстық дене
шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. Жарыстар бірінші
орында – Павлодар облысы, үшінші орынды – Шығыс Қазақстан облысының
спортшылары иеленді.

Қызылорда облысының құрама командасының алға шығуына шиеліліктер
Елжас Сапарбай, Расул Егенов, Аят Рамазанұлы, аралдық Жандос Шамаранов,
қазалылық Бексұлтан Бекділдә, сырдариялықтар Асқар Балтабай, Азамат
Ордабеков, Дәулет Кенжеғалиев, Нұрғиса Өтегенов, Жаңақорған ауданы,
Түгіскен елді мекенінен Болатхан Шанжархан, ЕркебұланСейдан, Наурызхан
Ыбырайұлы, Сұңғат Кенжебек сынды волейболшылар өз үлестерін қосты.

Команданы жарысқа Болат Рысмахан, Өтепберген Әбдіраманов, Батыр Бабаев, Марат Манаев, Жасұлан Бердібаевтар дайындады.

Жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Болат Рысмаханның
айтуы бойынша, спортшылар енді келесі жылдың қаңтар айында Шығыс
Қазақстан облысы Өскемен қаласында болатын ҚР қысқы чемпионатына
дайындалады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз