Волейболдан облыс біріншілігі өтті

34

0

Волейболдан облыс біріншілігі өттіҚызылорда қаласында волейболдан балалар-жасөспірімдер
спорт мектептерінің 2002-2003 жылдары туылған оқушылары арасында облыс біріншілігі
өтті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен
өткізілген жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 16 команда бақ сынап, 4
топқа бөлініп ойнады.

Бес күнге
сызылған жарыс нәтижесінде ұлдар арасында № 8 Жаңақорған ауданының спорт
мектебі облыс біріншілігінің жеңімпазы атанды. Екінші орынды №9 Шиелі ауданының
спорт мектебі иеленсе, №7 Жаңақорған ауданының спорт мектебі үшінші орынды еншіледі. Ал қыздар арасында №9
Шиелі ауданының спорт мектебі өздерінің мықтылықтарын көрсетті. Күміс жүлде №20
Арал ауданының спорт мектебіне тиесілі
болса, қола жүлде №11 Сырдария ауданының спорт мектебіне бұйырды.

Жарыста «Үздік
ойыншы» – Ақжелек Құрманова (№9 Шиелі спорт мектебі), Асхат Дәурен (№8
Жаңақорған спорт мектебі), «Үздік шабуылшы» – Бекарыс Еген (№9 Шиелі спорт
мектебі), Аяулым Төлебаева (№20 Арал спорт мектебі), «Үздік үйлестіруші» – Берік
Пернебай (№7 Жаңақорған спорт мектебі), Аружан Төлеуова (№11 Сырдария спорт
мектебі) марапатталды. Сондай-ақ, үздік
жаттықтырушы аталымына аралдық Саржан Сахиев ие болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз