
Жарысқа қатысушы команда құрамында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша ХҚКО департаменті жастары да бақтарын сынап сайысқа қатысты. Жарысқа барлығы 9 команда қатысып ойын өрнегін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды «Облыстық ішкі істер департаменті», 2-орынды «Халыққа қызмет көрсету орталығы», 3-орынды «Қазсушар» РМҚК-ны иемденді. Жарысқа қатысқан барлық командалар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Біз өз тарапымыздан жеңімпаз әріптестерімізді құттықтап, алар асулар биік болсын, дейміз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!