WBC Головкинде қала берсін, бірақ… – Альварес

42

0

Бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесіне (WBC) ренжулі екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мексикалық боксшы өзінің титулын орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) жекпе-жексіз өткен жылы беріп қойған еді.«WBC мені жақсылықты білмейтін адам ретінде көрсетті, олар мені көтеріп, осы деңгейге жеткенім солардың арқасында дегенді айтып жүр, бірақ шынында олай емес. Мен ризамын, сол себепті де мен де кәсіпқой боксты бастаған уақыттағы командаммен бірге келемін. Өз командама алғыс білдіремін. Мен титулды Головкинге берген уақытта менің басқа да шаруаларым көп болды. Олар маған дедлайн жариялаған уақытта (жекпе-жек өткізу үшін 15 күн ғана берілді) біз Майамиде сотта болдық. Мені Головкиннен қорқып қалды немесе тағы бір басқа деп ойлайды. Шын мәнінде мен ешкімнен қорықпаймын», – деп мәлімдеді ол.«Егер Головкинмен жекпе-жек өткізетін болсам, WBC титулына таласпаймын. Қалған титулдар үшін күресемін. Неге? Олардың маған істегенін алдына келтіргім келеді. Сот ісімен айналысып жатқанымды біле тұра, осындай шарттар қойды», – деп жазады BoxingScene.com Альварестің сөзін.Айта кетейік, «Канело» 6 мамырда Хулио Сезар Чавеспен Лас-Вегаста өтетін жекпе-жекте (50-2-1, 32 КО) тұжырымы бойынша «мерекелік» белбеуге таласудан бас тартты.
Baq.kz 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз