WHATSAPP АРҚЫЛЫ ПОЛИЦИЯҒА 14 ХАБАРЛАМА КЕЛІП ТҮСТІ

42

0

WHATSAPP АРҚЫЛЫ ПОЛИЦИЯҒА 14 ХАБАРЛАМА КЕЛІП ТҮСТІWhatsApp, Viber мобильдік жүйесіне қосылған 26 қазаннан бері Қызылорда
қалалық ІІБ жедел жоспарлау орталығына 14 хабарлама келіп түскен.
    «Олардың 2-уі – жол-көлік оқиғасы, 4-еуі – көлік құралдарын тоқтату
немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, 3-еуі – жол қозғалысы талаптарын
өрескел бұзу, 1-еуі – қоғамдық орындарда темекі шегу жөнінде және сол
сияқты. Барлығына дер кезінде ден қойылып, қажетті шаралар қабылданып,
шағымданушыларға тиісті жауаптар қайтарылды», – делінген облыстық
ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.  
    Тәртіп сақшылары осы ретте қала тұрғындарынан қандай да бір
заңбұзушылық фактісінің куәсі болса, дереу 8-776-89-80-102 нөмірі арқылы
мессенжерге хабарлама жіберуді сұрайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз