«WHATSAPP МИНИСТРЛІГІ» ҚҰРЫЛДЫ

53

0

Зимбабве президенті Роберт Мугабе киберқауіпсіздік министрлігін құру туралы бұйрық берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Аталған орган әлеуметтік желілерді де бақылайтын болады. Желі қолданушылары жаңа ведомствоның басшысын «WhatsApp министрі» деп атап, әзілдей бастады.
Зимбабве тұрғындары әлеуметтік медиаға сөйлесу мен хабар алмасудың негізгі құралы ретінде қараса, билік «азаматтардың өз ойын білдіру бостандығын шектейді», деп жазады басылым. Сондай-ақ, Зимбабве тұрғындары Facebook пен Twitter арқылы үкіметке қарсы митингте шақырады (елде он жылдан астам уақыт бойы экономикалық дағдарыс жалғасып келеді).
Мугабе өкілінің айтуынша, президент «қиянат ету мен заңсыз жүріс-тұрысқа негізделген қауіп-қатермен күресу үшін» жаңа министрлік құрды. Киберқауіпсіздік министрі болып Патрик Чинамаса тағайындалды. Ол бұрын қаржы министрлігін басқарған.
Washington Post басылымының хабарлауы бойынша, Зимбабве тұрғындарының 84%-да ұялы телефон бар, 36%-ы мобильді интернетті пайдаланады.
Осы жылдың маусымында Зимбабвенің 850 мың тұрғыны Facebook желісін қолданса, 5,2 млн адамда WhatsApp бар. Бүкіләлемдік банктің есептеуінше, Зимбабве Республикасының халық саны шамамен 16,1 млн адам.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз