\»WorldSkills Kazakhstan\» чемпионаты – Қызылордада

72

0

"WorldSkills Kazakhstan" чемпионаты – ҚызылордадаҚызылордада
облыстық білім басқармасы мен Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен әйгілі халықаралық
«WorldSkills Kazakhstan» чемпионатының облыстық деңгейдегі байқауы өтті.

Біздің еліміз 2014 жылдан бастап
«WorldSkills International» халықаралық
қозғалысының қатысушы елі ретінде тіркеліп, өткен жылдан бастап қатысып келеді.

Қозғалыстың негізгі мақсаты – жұмысшы мамандығының
құзыреттілігін көтеру, техникалық мамандықтарға жастардың қызығушылығын
арттыру. Айта кету керек, «WorldSkills Kazakhstan» чемпионатына
бүгінде әлемнің 70 елі қатысады.

Қызылордада
өткен байқаудың қорытындысына облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы, Кәсіпкерлер
палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай
Байқадамов, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының бірінші орынбасары Ибадулла
Құттықожаев қатысып, бұл байқаудың «Мәңгілік ел жастары индустрияға» атты
жастарға арналған үндеудің заңды жалғасы екендігін жеткізді.

Сыр
өңірі де бұл айтулы шараға үлесін қосып республикалық жарысқа 8 мамандық түрі бойынша
үздіктерді сапқа қоспақ. Олар: дәнекерлеуші, аспазшы, кірпіш қалаушы,
электромонтаждаушы, дизайнер, шаштаразшы, тәрбиеші және ақпараттық технологиялар маманы.

Республикалық
жарыста Сыр өңірінің кәсіби мамандықтар бойынша намысын қорғайтын жастар:

– «Дәнекерлеу технологиясы» мамандығы
бойынша Жаңақорған агралы-техникалық колледжінің түлегі Арыстанбеков
Жарылқасын;

– «Аспазшы» мамандығы бойынша Қызылорда
индустриалды-техникалық колледжінің білім алушысы Мамбетиярова Ботакөз;

– «Кірпіш қалаушы» мамандығы бойынша
Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің білім алушысы Оңталап Жақсыбай;

– «Электромонтажды жұмыс» мамандығы
бойынша Қызылорда инженерлік-техникалық колледжінің білім алушысы Сейдалиева
Ақбота;

– «Ақпараттық жүйелерді басқару»
мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің білім
алушысы Сейілханов Сәкен;

– «Киім дизайнері» мамандығы бойынша
Қызылорда индустриалды-техникалық колледжінің білім алушысы Жұрағат Оразкүл;

– «Шаштараз ісі» мамандығы бойынша
«Мунтик» сұлулық салонының қызметкері Ділмағанбетова Меруерт;

– «Мектепке дейінгі білім беру»
мамандығы бойынша М. Мәметова атындағы
Қызылорда гуманитарлық колледжінің білім алушысы Болатбек Қаламқас.

Ерекше атап өткен жөн, шараның
ұйымдастырылу барысында қаржылай көмек көрсетіп, жеңімпаздарды бағалы
сыйлықтармен марапаттауға үлес қосқан Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес
мүшесі, «К-GROUP» компаниясының басқарма төрағасы Боранбаев Қайрат
Жомартұлы. Қайрат Боранбаев: «Мамандар бәрін шешеді» деген қағида әлі де өз
құндылығын жойған жоқ. Елімізде жұмысшы мамандарға сұраныс жоғары. Біз осындай
шаралар арқылы жастарды ынталандыра аламыз, кәсіби мамандықтарға деген
қызығушылығын оята аламыз. Сондықтан да демеушілік көрсетуді азаматтық парызым
деп санаймын», – деді.

Қызылорда облысының

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз