«Құқық тәртібі» шарасының 7 күнінде 99 қылмыс ашылды

63

0

10-20 сәуір аралығында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқандығы белгілі. Шараның 7 күнінде 99 қылмыстың беті ашылса, оның 21-і бұрын жасалған қылмыстар.
Мысалы, 12.04.2017 жылы кешкі сағат 21.20 шамасында Тасбөгет кентінде полиция қызметкерлері белгісіз бір азаматты тоқтатып, тексеру барысында шалбар қалтасынан, газет қиындысына оралған, жасыл түсті кептірілген шөп жапырақтарын анықтады. Тиісті сараптама тағайындалып, қорытындысы бойынша 1,72 гр құрайтын «кептірілген марихуана» екендігі белгілі болды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Ал 14.04.2017 жылы түнгі сағат 00.30 шамасында Титов қыстағындағы көп қабатты үйдің артында күдік тудырарлық бір азаматты тоқтатып, тексеру барысында үстіне киген қара түсті спорттық киімінің сол жақ қалтасынан тіркеуде жоқ травматикалық тапаншаны анықтайды. Аталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Егер де азаматтың кінәсі дәлелденген жағдайда, оған 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 1 жылға дейін мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қолданылады.
Сонымен қатар, 15.04.2017 жылы сағат 19.00 шамасында Қызылорда қаласының орталығындағы жанар-жағармай құю бекеттерінің бірінде «Фольксваген Джетта» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктің ішінен ала түсті сумкаға салынған 2 дана полиэтилен пакеттері анықталды. Аталған пакеттерде жасыл түсті, ерекше хош иісі бар шөп тәріздес зат салынғаны белгілі болды. Белгісіз затқа сараптама тағайындалып, қорытындысы бойынша салмағы 1кг 996 гр құрайтын «кептірілген марихуана» екені анықталды. Күдікті оқиға орнынан ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз