Әйелдер сот ғимаратында төбелесіп қалды

43

0

Әйелдер сот ғимаратында төбелесіп қалдыҚызылорда. Қаладағы әділдіктің жаршысы сот ғимараты ішінде екі әйелдің арасындағы даудың соңы төбелеспен аяқталды. Кейін анықталғандай, бұл төбелес шығарған ханымдар бұрыннан араз екен.
Құқық бұзушы азаматша Н. жәбірленуші Л.-ны соққыға жығып, тән ауруына ұшырататындай күш қолданған. Басты сот талқылауында құқық бұзушы Н. жасаған іс-әрекетіне шын жүректен өкініп, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұраса, жәбірленуші болса, құқық бұзушыны кешірмейтінін және оған тиісті жаза қолдануды сұрайды. Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
«Тағы да әйелдер арасындағы теке-тірес. Жуырда 57 жастағы мекемеде қарауыл болып жұмыс істейтін әйел тапа – тал түсте азаматша жәбірленуші А.-ны себепсізбен-себепсіз балағаттап, ар-намысына тіл тигізіп, ұрып-соғады. Яғни, құқық бұзушы С. ҚР ӘҚБтК-нің 79-3 бабының 2 бөлігінде (денсаулыққа зиян келтіру) көзделген құқық бұзушылық жасап, жәбірленушінің денсаулығына қысқа уақыт бұзылуына соққан «жеңіл» зиян келтірген. Бірақ сотта жәбірленуші А. құқық бұзушы С.-ға кешірім берді. Сөйтіп құқық бұзушы әкімшілік жауаптылықтан босатылды» деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз