«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде

52

0

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтудеӘйелдерге қатысты әр түрлі дискриминация түрлерін жою туралы
Конвенцияға сәйкес жыл сайын 25 қарашада «Әйелдерге қатысты
зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты
ұранымен өткізіліп, Әйелдерге қатысты Халықаралық зорлық-зомбылық
көрсетуді жою күні аталып өтілуде.

Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Осы орайда, бүгін республика көлемінде әйелдерге
қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, жолын кесу, зорлық-зомбылық жасауға
бейімді адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға
бағытталған жүйені қалыптастыру, сондай-ақ әйелдердің өздерінің
құқықтық білімін арттыру мақсатында «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты
ақпараттық – насихаттау акциясы басталды.

Қызылорда ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының
қызметкерлерімен өткізілетін акция туралы ақпараттары бар буклеттерді
халық көп шоғырланған (демалыс саябақтарында, орталық алаңдарда,
базарларда және т.б.) жерлерде түсіндіріп, таратуда. Жалпы, әйелдерді
зорлық-зомбылықтан қорғауда ішкі істер органдарының жұмыстарын
ұйымдастыру тобымен 2015 жылдың 10 ай көлемінде 1693 қылмыстық
іс-әрекет тіркелсе, оның ішінде 663-не қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Өткен жылмен салыстырғанда әйелдерге қатысты жасалған қылмыстар 72,9
пайызға төмендеген.

Қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп
мәселелердің бірі отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы
зорлық-зомбылықтар болып отыр. Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлсіз
балалар, қарттар, мүгедектер мен әйелдер қауымы ұшырайды. Ресми
статистикалық мәліметтер бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші
отбасында кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 пайызын құрайды. Себебі –
қызғаныш, маскүнемдік, бұзақылық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі.

Мысалы, ағымдағы жылдың 15 ақпанында
Қазалы ауданы Ақсуат ауылының тұрғыны, 1970 ж.т. Т.Ш. заңды некедегі
әйелі екеуінің арасында жанжал туындап, Ш.Т. асхана пышағымен әйелінің
жүрек тұсынан екі рет жарақат салып, артынша өз-өзін пышақтаған.
Нәтижесінде, алған дене жарақаттарынан оның әйелі оқиға болған жерде
мерт болған.

Қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп
мәселелердің бірі, отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы
зорлық-зомбылықтар болып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз