Қылқалам шеберлері – Қызылордада

126

0

Қылқалам шеберлері – Қызылордада Бейсенбіде Қызылордада «Жайнай бер, Қызылорда!» атты республикалық суретшілер симпозиумы басталды. Шараның ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысушыларға сәттілік тіледі. 
Көзімен көріп, көңілге түйгенін алпыс екі тамырынан өткізіп барып бейнелейтін қылқалам шеберлері тарихты бәр сәтке тоқтата алатын қасиетке ие. Өйткені олар осы өнері арқылы өткенімізді көз алдымызға әкеліп, тарихымызды тірілте алады. 
– 1928 жылы суретшілер көрмесі алғаш рет Қызылорда қаласында ұйымдастырылды. Бұл Сыр елінің кескіндеме өнеріндегі ролін айшықтай түседі, – деді Р.Рүстемов. 
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырған шараға Астана, Алматы, Ақтөбе, Тараз, Шымкент, Павлодар, Петропавл, Қарағанды, Өскемен қалалары мен Қызылордадан өкілдер қатысты. Басқарма басшысы Ержан Әбдірахманов симпозиумның табысты өтуіне тілектестік білдіріп, оларға қажетті құрал-жабдықтар табыс етті. ҚР Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов мұндай шаралар кәсіби суретшілер мен жас талант иелерінің өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісу мүмкіндігі екенін айтты. 
Шара 3 мамырға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде қатысушылар Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата кешенінде, Жаңақорған ауданындағы Қаратау жоталарында, және облыс орталығында пленэрлік жұмыспен айналысады. Галерея қоры осылайша туған жердің ажарын айшықтайтын жаңа картиналармен толыға түспек. 
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз