Үйлер заңнама талаптарына сәйкес берілетін болады

54

0

Үйлер заңнама талаптарына сәйкес берілетін боладыБүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында қала
әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаевтың қатысуымен брифинг өтті.
    3 тамыз күні  Қызылорда қаласы Титов мөлтек ауданындағы №16 а үйдің
бір топ тұрғындары пәтер мәселесімен облыс әкімінің жеке қабылдауында
болды. Титов ықшам ауданындағы ескі жатақхана тұрғындары «баспанамыз
құлауға айналды» дейді. Атап өту керек, бұған дейін облыс әкімінің
орынбасары, қала әкімі бірнеше рет тұрғындармен кездесіп, түсіндіру
жұмыстарын жүргізген болатын.
    – Облыс әкімдігі тұрғындардың өтінішін ескеріп, облыстағы
құрылысшылар қауымдастығына аталған тұрғын үйге демеушілік есебінен
күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде өзара келісімге келген, – деді
қала әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев. – Алайда келісімге сәйкес,
бүгін қалалық құрылыс бөлімі мамандары ғимараттың жөндеуді қажет ететін
бөлігімен танысуға келгенде, кірпіш қиындысы құлады деп, тұрғындар
«дүмпу» көтергісі келген. Осының салдарынан төтенше жағдай, құқық
қорғау, денсаулық сақтау мекемелеріне телефондар шалып, «негізсіз
дүрлігу» орын алған. Аталмыш үй тұрғындары әкімдік тарапынан дереу шешім
қабылданып, үй берілмегендіктен жөндеу жұмыстарын жүргізуге наразылық
туындатып отыр.
    Ал ОІІД бастығының орынбасары Әмір Шаймағанбетов пен Қызылорда
облыстық ТЖД басқарма басшысының міндетін атқарушы Саид Молдақараев
хабарлауынша, бүгін таңертеңгі 11.00-де кезекші қызметіне белгісіз
азаматтан Титов қыстағындағы №16 а үйінің қабырғасы бөлініп түсіп
жатқаны туралы хабарлама келген. Хабарланған орынға Ақсай полиция
бөлімшесі мен ТЖД жедел тобы жетті.
    Алдын ала тергеу жұмыстары нәтижесімен 1971 жылы салынған №16а
үйінде ешқандай қабырғаның құлауы орын алмағаны анықталды. Сол уақытта
төбеден құлаған кірпіш бөлігінен жапа шеккен екі жәбірленушіге және қан
қысымы көтерілген азаматшаға медициналық көмек көрсетілді.
    Айта кету керек, қазіргі таңда апатты жағдайдағы тұрғын үйлерде
тұратын азаматтардың 298-і үй кезегіне тұрған. Сондықтан үйлер заңнама
талаптарына сәйкес берілетін болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз