Қылмыстық сотта Елбасы Жолдауын талқылады

46

0

Қылмыстық сотта Елбасы Жолдауын талқыладыҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот қызметкерлері арасында Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды.
Сот төрағасы С.Сүлеймен Елбасының халқына Жолдауы Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елдің қосылу қатарындағы тағы бір батыл қадамы екенін, «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталған жолдауда еліміз экономикалық дамудың инновациялық өзегіне айналып, бәсекелік қабілеттілікті арттыра түсіп, еліміздің сандық технологияларға негізделген болашағы зор мемлекет болуына ықпал болып табылатындығын көрсетті.
Жолдаудың әрбір бөлігі талқыланып, онда заң алдында жеке меншіктік құқық пен теңдік үстемдігін қорғауға бағытталған мемлекеттік реформалар қабылданып, Әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіріп, әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс екенін, кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендету жұмысын одан әрі жүргізе беру керектігін, қоғамға қауіптілігі жоғары емес, экономикалық қылмыс құрамын, криминалдық сипаттан арылтып,  сот жүйесіне деген сенімін артуына қол жеткізу қажеттігі, судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңызды екендігін сот төрағасы  айтып өтті.

Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз