«Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығы» волейболдан жарыс өткізді

101

0

Жуырда «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығы» түзеу мекемелерінен босаған немесе пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар арасында волейболдан жарыс өткізді.
Тасбөгет кентіндегі №257 орта мектепте өткен спорттық шараға ҚАЖ департаментіне қарасты қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардан 2 команда, белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығынан 1 команда және қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметік бейімдеу мен оңалту орталығының есебінде тұрған азаматтардан 1 команда ұйымдасып, өзара жарысты.
Ойын барысында жарысқа қатысушылар жеңіске деген ерекше құлшыныстары мен белсенділіктерін көрсетті. Қызықты өткен жарыста 1-ші орынды «Қыран» командасы алды. Ал екінші және үшінші орындарға «Алға» және «Жеңіс» топтары шықты. Жеңіске деген жігерлерін жаныған азаматтарға ақшалай сыйлықпен, мадақтама грамоталарына ие болды. Командалар арасында үздік ойыншы номинациясын азамат А.Тоқсейтовке бұйырды. Жарыстың негізгі мақсаты жоғарыда аталған азаматтардың қоғамның бір мүшесі ретінде өздеріне деген сенімділігін арттыру, қоғамға бейімдеу болып есептеледі.
 
Б.НҰРТАЗАЕВ. «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығы» директоры.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз