Ғылыми қызметкерлер мен жас ғалымдар марапатталды

97

0

Ғылыми қызметкерлер мен жас ғалымдар марапатталды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 12 сәуір – Қазақстан Республикасының Ғылыми қызметкерлер күніне арналған «Аймақ экономикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мәселелері мен келешегі» атты дөңгелек үстел өтті. Шараны университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры, бірінші проректор А.Т.Жүнісов ашты. 
Конференция барысында аймақтың дамуына оң ықпалын тигізетін жобалар бойынша ғалымдар мазмұнды баяндамалар жасалды. Мәселен, Агробиологиялық және қолданбалы зерттеулер ғылыми орталығының директоры Бекжанов Серік Жолдахметұлы Арал өңірінің күріш жүйелерінде малазықтық қорын қамтамасыз ету мақсатында қант құмайын өсіру ерекшеліктеріне тоқталды. Ал университеттің академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, техника ғылымдарының кандидаты Дауренбеков Қуаныш Қойшығұлұлы шәкіртімен бірге жүзеге асырған жоба – ENTapp мобильді қосымшасын таныстырды. Бұл мобильді қосымшаның көмегімен мектеп бітіруші түлектер Ұлттық бірыңғай тестке дайындалуына болады. Бүгінге дейін аталмыш қосымшаны 100 мыңнан аса қолданушы жүктеп алып, пайдалануда. 
ҚР Ғылым қызметкерлері күніне орай ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін университеттің бірнеше ғалымдары мен қызметкерлері «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен» марапатталса, университеттің ғылыми-зерттеу қызметінде қол жеткізген жетістіктері үшін жас ғалымдар мен қызметкерлерге, білім алушыларға  университет ректорының Алғыс хаты табыс етілді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз