
Олар дайындаған киіз баулар, басқұрлар, құрақ көрпешелер, қыз жасауы жабдықтарына ауыл адамдарынан ғана емес, басқа ауылдардан да сұраныстар көп түсіп жатады. Бақыт Жетпісбаева пен Орынтай Нәрібаева болашақта «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша несие алып, тігіншілер санын көбейту арқылы ұлттық киімдер, сүранысқа сәйкес әр түрлі кәсіп иелерінің киімдерін тігіп, жұмыс көлемін арттыруды жоспарлап отыр.