Қырымбек Көшербаев Шиелі ауданында болды

38

0

Қырымбек Көшербаев Шиелі ауданында болдыБүгін аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Шиелі ауданында жұмыс сапарымен болды. Әкім алғашқы жұмысын Бестам ауылындағы № 205 қазақ орта мектептің ашылу салтанатына қатысудан бастады. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бестам ауылындағы жоба-сметалық құны 520 917,789 млн. мың теңге болатын №205 қазақ орта мектебінің 300 орындық ғимаратының құрылысын «Асар» ЖШС 2013 жылдың маусым айынан бастап, құрылыс жұмыстарын жүргізген болатын. Жаңа мектеп 3 бөліктен құралған, екі қабатты. 2013 жылға қаралған қаржысы 250млн. 849 мың теңгені, 2014 жылға қаралған қаржы 270 млн. 68 мың теңгені құрайды. Мектептің құрылыс жұмыстары жұмыстары 2014 жылдың маусым айында толықтай аяқталды.
Қазіргі таңда 70 мұғалім дәріс беріп, 378 оқушы білім алуда. Мектепте 20 оқу кабинеттері, 2 компьютер кабинеті, 2 шеберхана, 1 мәжіліс залы, 1медпункт, 1 спорт залы жұмыс жасайды. Асхана 114 орындық, мұнда 104 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
Мұнан соң өңір басшысы кент орталығынан жаңадан ашылған «Мөлдір» дәріханасының жұмыс барысымен танысты.
2014 жылы итальяндық технологиямен және АРТ- модельді дәріхана жиһаздармен жабдықталған дәріхананың 1-ші қабатында фармамаркет робот қондырғысымен көлемі 136 шаршы метр дәріхана халыққа қызмет көрсетеді. 2-қабатында «Денсаулық және сұлулық» орталығы іске қосылады. Онда терапевт, балалар дәрігері, УЗИ қызметі, инемен егу, нүктелі Тибет массажы және косметология халыққа қызмет көрсетуде.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев Гигант ауылдық округіндегі «Бидайкөл» шаруа қожалығының жұмыс барысымен көріп, Көкшоқы елді мекеніндегі «MKS COMPANY» ЖШС-нің жұмысымен танысты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз