Қытай азаматы Сырдария өзеніне батып кетті

49

0

Қытай азаматы Сырдария өзеніне батып кеттіОңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының маңынан өтетін Сырдария өзеніне қытайлық азамат батып кетті, деп хабарлайды Bnews.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Нұрлан Темірбаевтың хабарлауынша, қайғылы оқиға Түркістан қаласына қарасты Жалаңтөс елді мекенінде болған. Сағат кешкі бестер шамасында белгісіз азамат сол маңнан өтетін Сырдария өзеніне Балтакөл көпірінен құлап, суға батқан.

«Облыстық төтенше жағдайлар департаменті судан құтқару қызметінің мамандары анықтағанындай, абайсызда суға кеткен кісі 45-жастағы Қытай азаматы болып шықты», − дейді баспасөз қызметінің өкілі.

Мамандары марқұмның денесін 4 күннен кейін батқан жерінен 40 шакырым алыстан тапқан.

Жалпы биылғы жылдың бүгінгі күніне дейін аймақта 34 адам суға батып, мерт болған. Олардың 21-і 18 жасқа толмаған жасөспірімдер.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз