Қытай баласының тағдыры миллиондардың жүрегін ауыртты

80

0

Қытай баласының тағдыры миллиондардың жүрегін ауырттыСирек кездесетін аурумен туылған қытай баласының тағдыры миллиондардың назарына ілікті. Баланың бет сүйектері ажыраған, сол себепті аузы мен құлағының арасы бөлініп ашық тұрады, – деп жазады «Қамшы.кз».
Бір қарағанда балада екі бет бар сияқты. Хуиканг 2009 жылдың наурызында фермер отбасында ҚХР-ның Сянтань өңірінде дүниеге келген. Баласын алғаш бауырына басқан кезде анасы шошып қалғанын еске алады. «Бөпемді маған алып келгенде бір сәтке аяқ-қолым істемей қалды» дейді анасы Йи Ланцы. Балам жылап жатты, менің де жүрегім қан жылады. Не үшін? деген сұрақты өз-өзіме қоя бердім. Ий Ланцы жүктілік барысында УЗД-ны үш рет жасағанда дәрігерлер баланың бойынан ешқандай ауытқу байқамағандарын айтып берді.
Бүкіл отбасы анасының баласынан бас тартқанын қалаған, алайда әжесі оларға қарсы шығыпты. Ий Ланцының отбасы дәстүрлі қытай отбасы болғандықтан көршілерінің олар жайлы не дейтіні, қалай қарайтыны маңызды екен. Ешнәрсеге қарамастан Ий Ланцы Хуилангтан бас тартпайды. Анасы баласын жергілікті емханаға апарып көрсеткенде аталмыш оқиға БАҚ-та кеңінен таралып кетеді. Бүкіл қоғам, ел болып Ий Ланцыға қолдау көрсетілген. Олар болса осы уақытқа шейін баланың еміне үлкен қаражат жұмсап келген. Қайырымдылық шараларының нәтижесінде бүгінде қыруар ақша тұратын қымбат ота жасатуға мүмкіндік бар. Қаражат дайын болғанмен, отаны қазір жасатуға болмайды екен.
Бала 10 жасқа келгенде, оның бет сүйегі кәдімгі баланыкіндей болып өскен жағдайда ғана ота жасауға болатыны белгілі болды. Дегенмен, Хуилангқа бір ота жасалынып қойды. Жергілікті телевидение өз кезегінде бұл туралы сюжет дайындаған екен. Ондағы мақсат Хуилангтың денсаулығы мен тағдырына алаңдаған мыңдаған адамның көңілін орнына түсіру болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз