Қытай елімізде ауылшаруашылығы техникасын шығаратын зауыт салуға ниетті

74

0

Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ҚХР-дың бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Жібек жолы қорымен «ҚазАгро» холдингінің ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу жобаларын қаржыландыру бойынша өзара байланысы, «CCIC «China Certification & Inspection Group» тобының ауыл шаруашылығы өнімдері мен кәсіпорындарын сертификаттауы мәселелері қаралды. Қытай елімізде ауылшаруашылығы техникасын шығаратын зауыт салуға ниетті
Wilmart, CITIC және COFCO сынды трансұлттық 8 қытайлық компания өкілдерімен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобаларын қаржыландыруды талқылау барысында А.Мырзахметов АӨК-ке қатысты мемлекет саясатының басым бағыттарын және Қазақстандағы инвестициялық ортаны жақсартудың жаңа әдістемесін түсіндірді. Сонымен қатар, «China National Machinery IMP&EXP Corp» корпорациясымен а.ж. мамырда Алматыда ауыл шаруашылығы машиналарына арналған көрме ұйымдастыру және ел аумағында машина жасау және жабдықтау зауыттарын салу бойынша келіссөздер жүргізілді.
Қытайлық кәсіпкерлермен кездесу соңында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамымен «Asia Pacific Food Capital Co., Ltd.» және «Wilmart» компаниялары арасында өзара ынтымақтастық және сауда бойынша келісімшартқа қол қою салтанаты болып өтті.
Айта кетейік, А.Мырзахметов бұған дейін ҚХР Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасы төрағасы Чжи Шупин және ҚХР Ауыл шаруашылығы министрі Хань Чанфумен кездескен еді. Ол жүздесулердің нәтижесінде көршілес елге экспортталатын бидай кебегі партияларына қойылатын инспекция, карантин және санитарлық талаптар туралы Хаттамаға қол қойылып, ауыл шаруашылығы технологиясы трансферті мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі ведомствалар аралық жұмыс тобын жасақтау Орталық Азия аймағы үшін селекциялық-генетикалық орталық құру мәселелері назарға алынды.
Сонымен қатар, Асқар Мырзахметов ҚХР Ауыл шаруашылығы министрі Хань Чанфумен кездесті. Шарада Орталық Азия аймағы үшін селекциялық-генетикалық орталық құру мәселесі қаралды.
Кездесу барысында 2016 жылы қол қойылған ҚР АШМ мен ҚХР АШМ арасындағы біріккен іс-қимыл жөніндегі Жоспарды іске асыру, ауыл шаруашылығы саласында ғылыми-техникалық септестік және «Оңтүстік-Оңтүстік» халықаралық бағдарламасы аясында өзара ынтымақтасу мәселелерін ортаға салды. Осы қатарда ауыл шаруашылығы технологиясы трансферті мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі ведомствалар аралық жұмыс тобын жасақтау мен Орталық Азия аймағы үшін селекциялық-генетикалық орталық құру мәселелері де назарға алынды.
Айта кетейік, А.Мырзахметов бұған дейін ҚХР Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасы төрағасы Чжи Шупинмен кездесіп, көршілес елге экспортталатын бидай кебегі партияларына қойылатын инспекция, карантин және санитарлық талаптар туралы Хаттамаға қол қойылған болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз