Қытайлық компания ҚазМұнайГаздың 51% үлесін сатып алады

53

0

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (одан әрі – ҚМГ) мен China CEFC Energy Company Limited компаниясы KMG International N.V. (бұрынғы Rompetrol Group, одан әрі – ҚМГИ) компаниясының негізінде біріккен кәсіпорын құру туралы құжаттарға қол қойды. ҚМГ және CEFC жаңадан құрылып жатқан біріккен кәсіпорында үлестік қатынасы тиісінше 49 және 51 пайызбен қатысады.

CEFC Еуропа және Жібек Жолы елдеріне инвестиция салуды жүзеге асырады. Қазақстандық ұлттық мұнайгаз операторы ҚМГ ҰК пен CEFC компаниясының біріккен жобасы ҚМГИ Тобының негізінде дамиды және ол «Silk Way жобасы» деген атқа ие болды.

«Бизнесті дамыту үшін біріккен тұғыр ретінде ҚМГИ-ді пайдалана отырып мықты инвестормен одақтастықта компания айтарлықтай алға жылжи алады», – деді ҚМГ ҰК басшысы Сауат Мыңбаев.

Біріккен кәсіпорынды басқаруды тепе-теңдік негізде жүзеге асыру жоспарлануда.

Мәмілелер еуропалық рұқсат ету органдары тарапынан түпкілікті келісуге жатады. Мәміле 2016 жылғы қазанға қарай аяқталады деп күтіліп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз