Әйтеке би кентінде жаңа балабақша ашылды

44

0

Әйтеке би кентінде жаңа балабақша ашылдыБүгін Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде халықаралық балаларды қорғау
күні қарсаңында 75 орындық «Аида» балабақшасы пайдалануға берілді.
Елбасының «Балапан» бағдарламасы негізінде бой көтерген бөбекжайдың
ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты, – деп
хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

–  Болашағымыз
саналатын бүлдіршіндердің мектепке дейінгі білім алу мәселесі облыста оң
шешімін тауып келеді. Бүгінде Қызылорда облысында «Балапан»
бағдарламасын жүзеге асыру аясында 3-6 жастың арасындағы балалардың 92
пайызы мектепке дейінгі тәрбие берумен қамтылған. Осы жылдың соңына
дейін бүлдіршіндерді балабақшамен толық қамтамасыз етіп, 100 пайызға
жеткіземіз, – деді аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.

Жалпы, балабақша барлық талапқа сай жасақталған. Балабақшаға
қабылдаудың тізімі қаралып, жүйелі тəртібі жасалды. Енді əр ата-ананың
өз баласын мектепке дейінгі балалар мекемесіне орналастыруға мүмкіндігі
бар. 

Айта кетейік, Қазалы ауданында бүлдіршіндердің 89 пайызы балабақшамен
қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін тағы 8 балабақша салынып, бұл
көрсеткішті 100 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр. Қызылорда облысы
туу көрсеткіші өте жоғары алдыңғы үш аймақтың қатарында екенін ескерсек,
осындай балабақшалардың көптеп салынуы маңызды болып табылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз