Қыз өссе – елдің көркі

89

0

Қыз өссе – елдің көркіКеше Ақтөбе ауылдық мәдениет үйінде, «2017 жылға арналған мемлекеттік жастар саясатындағы іс-шараларды жүзеге асыру жобасы» аясында Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қыз өссе елдің көркі» байқауы болып өтті.
Аталған шарада, жергілікті жердегі №109 мектеп оқушыларынан және ұстаздарынан құралған 5 команда өзара үздіктіктерді анықтау үшін сайысқа түсті. 8 – Наурыз «Халықаралық әйелдер» күніне орай және жастардың бойындағы өнерлерін шыңдау, өнерпаз жастардың үлкен сахналарда өнер көрсетуіне жол ашу, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатындағы шара негізінен 6 кезеңнен тұрды.
Қазақтың көркем мінезді, инабатты, ару қыздары қатысқан сайыс барысында, қатысушылар аспаздық өнерлерін, қолөнер бұйымдарын әділ қазылар мен көрермендер назарына ұсынып, көрермен көзайымына айналды. Сұлулық пен тапқырлықтың бәсекесі болған байқау қорытындысында, жеңімпаздар Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Бухановтың және «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азиз Дүкенбайдың дипомдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Шараға қатысқан және көрермен болған жиылған жұртшылық ұйымдастырушыларға деген алғыстарын жеткізді. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жастарды өнерге баулу, жастар саясатын жүзеге асыру мақсатындағы осындай шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады…

«Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз