Үйіңіздегі «домовойдың» не екенін білесіз бе?

116

0

Кей адамдар «біздің үйде «домовой» бар, шкафтың есігі өзінен-өзі ашып жабылады» деп жатады. Былайғы жұрт оған үйдің иесі деп қарап, аса мән бере қоймайды. Үйдің иесі деген не сонда? Дінтанушы Арман Қуанышбаев түсіндіріп берген екен.
«Үйдің егесі деген нәрсе бар. Базардың егесі, жер егесі деген сөздер болады. Осы еге дегеннің бәрі жындар. Сол жерді егелеп алғандар. Адамдар иесіз тастап кеткен үйлерді жын билеп алады. Олар адамдардың қорқақтығын пайдаланып, басынып кетеді. Адамдарды түрткілеп, ұйықтағанда түсіне кіріп, күндіз бір нәрселерді тарсылдатып ұрады», – дейді дінтанушы.
Арман Қуанышбаевтың айтуынша, кей адамдарға көрінетін «ұшатын тәрелкелер» де жын болуы мүмкін.
«НЛО» деген нәрсе шықты. «Ұшатын тәрелке», «ұшатын тостақ», «ұшатын шәйнек» дейді. Сол ұшақтын «тостақ, шәйнектер» байқасаңыздар, намаз оқитын, ойы, сауаты пәк, тақуа адамға ешқашан келген емес. Кілең сауатсыз, арақ ішіп, миын тоздырған немесе бір жерде шаршап, есінен танып жатқан адамдарға көрінеді. Кей адамдар мұны жындар деп те айтады. Әрине, анығын Алла біледі. Бұл әлі дәлелденбеген», – деп түйіндеді ол.

Baq.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз