Ы.Жақаев атындағы еңбек аллеясы ашылды

37

0

Ы.Жақаев атындағы еңбек аллеясы ашылдыБүгін, 24 шілдеде Қызылордада екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, атақты күрішші Ыбырай Жақаев атындағы еңбек аллеясы ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Театрландырылған көрініс арқылы дала академигінің еңбек сүйгіштігі сахналанды. Жастар Еңбек Ерінің еңбекқорлығын жарыса айтты. Ы.Жақаевтың күріш өсіруден  рекорд жасағаны тарихта таңба басқандай жазылып тұр. Ал бүгінгі жасалып жатқан шара еңбек адамына көрсетілген құрметтің бір парасы. 
– Жоқшылық пен аштықтың азабын тартқан тұста Ы.Жақаев үш жыл қатарынан әр гектардан 156, 160, 171 центнерден өнім алып, рекорд жасады. Дала академигінің бұл ерлігі елге ерекше бақ-береке, ырыс-несібе әкелді. Жалпы еңбекқорлық қазақтың қанында бар қасиет. Ы.Жақаевтан кейін мұндай атақты жерлестеріміз Салима Жұмабекова, Шырынкүл Қазанбаевалар алса, жақында Абзал Ералиев пен Юрий Пя кеуделеріне Еңбек Ері төсбелгісін тақты. Бұл ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі, – деді өңір басшысы Қ.Көшербаев.
Шырынкүл Қазанбаева мен Абзал Ералиев дала академигінің ізін жалғастырушылар қатары қалындап келе жатқанын тілге тиек етті. «Бұл ауыл шаруашылық саласына қолдаудың нәтижесі», – деді Еңбек Ерлері. Шара соңында Ы.Жақаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз