«Қызметтік көлік-қызметтік мақсатта» акциясы жалғасуда

72

0

Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік көлік құралдарын жеке мақсаттарға пайдалануға тыйым салу мақсатында облысымыздың Жалағаш, Жаңақорған, Сырдария аудандарының әкімдіктері мен Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметтік автокөліктерге арнайы белгілері бар жапсырмалар орналастыру жұмыстарын жалғастыруда.
Өз кезегінде, қызметтік көліктерді жұмыстан тыс уақытта қолдану өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, енді кез-келген облыс тұрғыны жұмыс уақытынан тыс уақытта қолданылған қызметтік көлікті байқаса, 8-705-787-26-26 Whatsapp нөміріне немесе 70-56-06 call-орталығына хабарласып, қызметтік көлікті айғақтайтын фото немесе бейнежазбаны жолдауларына болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз