«Қызыл доп» Қызылордада қалды

56

0

 «Қызыл доп» Қызылордада қалдыҚызылорда қаласы «Нұрсәт» теннис орталығында теннистен  «Қызыл доп» облыстық ашық турнирі өтті.  Аталмыш жарысқа Астана, Шымкент және Қызылорда қалаларынан 6-8 жас аралығында  ұлдар мен қыздар қатысты. 
Турнир қорытындысы бойынша ұлдар арасында Жақас Қозбах (Қызылорда) жеңіс тұғырынан көрінді. Қызылордалықтар Айсұлтан Жәдігер екінші орынды иеленсе, Дияз Сламбек үшінші орынды қанағат тұтты. Ал қыздар арасында  Әдемі Аманкелдіге (Шымкент ) тең келер ешкім болмады. Күміс жүлдегер Қарақат Қойлыбаева (Шымкент ) атанса, Айзере Шілдебаева (Қызылорда) қола жүлдеге  қол жеткізді.
 «Үздік ойыншы» номинациясымен Даниял Жарылқасын (Астана), Алуа Әбдірайым (Қызылорда), «Жеңіске деген жігері үшін» Ақерке Алданазар мен Жанайым Досмамбет (екеуі де Қызылорда), «Үздік техника көрсеткені үшін» Диана Қази мен Бекжігіт Минаж  (екеуі де Қызылорда), марапатталды.
Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 26-27 шілде күндері Қызылорда қаласында теннистен 7-8 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында «Қызғылт сары доп» облыстық ашық  турнирі болады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз