Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі үздіктер қатарында

54

0

Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі үздіктер қатарындаҚазіргі уақытта облыста 97 мамандық пен 167 біліктілік бойынша 22428 студентті оқытатын 31 колледж жұмыс жасайды.
Қызылорда облысындағы кәсіпкерлер Палатасымен бірлесе отырып оқытудың дуальды технологиясын оқу процесі элементтеріне енгізу бойынша жұмыстар атқарылуда. 2014 жылдан бастап дуальды оқыту жүйесіне тәжірибе жүргізу негізінде 23 мамандық бойынша 8 колледж жұмыс жасауда.
2016 жылы оқу бітірген 6505 студенттің бүгінгі күні 4359-ы жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 3255-і мемлекеттік тапсырыспен бітіргендер. И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі республикадағы 10 үздік колледждің қатарына енді.
Ұлт жоспарының 79-қадамына сәйкес, Назарбаев зияткерлік мектебінің жұмыс тәжірибесін орта мектептерге үйрету мақсатында, ағылшын тілімен оқытатын мамандарды даярлауға КАТЕV және М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжімен меморандум жасалған. Бұл тәжірибені жалғастыру үшін «магниттік» мектепке айналатын 46 инновациялық мектеп құрылған. 2017 жылы бұл мақсаттарға, яғни 45 физика кабинеті, 80 робототехника кабинеті, компьютерлер мен парталар сатып алуға 400 млн теңгеден астам қаражат қаралған. 2018 жылдан бастап 75 ұстаз биология, химия, физика және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын болады.
Қазіргі таңда, «КАТЕV» халықаралық қорынан шет тілі мамандығы бойынша білім алушыларды іріктеу, ағылшын тілін тереңдетіп оқыту бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз