Қызылорда қаласы қарқынды дамып келеді

45

0

Қызылорда қаласы қарқынды дамып келедіАлаштың анасы
атанған Сыр өңірінде қай салада болмасын серпіліс бар. Қаланың көркі күн өткен
сайын келбеттене түсуде. Жолдар асфальтталып, бағдаршам, аялдама жаңартылды.
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев облыс орталығында атқарылып жатқан жұмыстармен
танысып, Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін
саралауға арналған жиынға қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қаланың оңтүстік
қақпасындағы аспалы көпір күрделі жөндеуден өтті. 1970 жылы салынған көпір
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің жобасына енгізіп,
жаңартылып отыр. Мамандар жұмыс сапалы жасалғандығын айтты. Ал қала әкімі жарық
бағаналары мен аялдамалар жақын күндері орнатылатынын жеткізді.
Қызылорда қаласы қарқынды дамып келедіМұнан соң өңір басшысы
Илья Ильин атындағы спорт алаңының қайта қалпына келтіру жұмыстарын көрді. Бұл
жерге еуропалық стандартта қоршалған және жоғарыдан тормен жабылған шағын
футбол алаңы салынуда. Мердігер ретінде «Бибісара» ЖШС жұмыс істеп жатыр.
Кішкентай бүлдіршіндерге арналған ойын жабдықтары жаңартылып, алаң аумақтарына
жасанды шөп, кей жерлеріне қырлы тастар төселеді. Спорт алаңы қараусыз қалмау
үшін қалалық спорт клубының базасына берілмек.

Одан кейін облыс
әкімі ҚР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға
арналған бағдарламасы аясында жөндеуден өткен Егізбаев көшесіндегі №8 және №10
үйлерді көрді. Барлығы сапалы жасалған. Тұрғындар да өз ризашылықтарын
білдірді. Аймақ басшысы жөндеуді қажет ететін көпқабатты үйлердің тізімін
жасағанда шет аймақ тыс қалмай қажеттігін ескертті.
Қызылорда қаласы қарқынды дамып келедіҚазіргі таңда Марал
ишан, Қаратоғай көшелерінің асфальттау жұмыстары аяқталды. «УАД» ЖШС-гі 2,3
шақырым жолды тақтайдай тегістеп шықты. Қаратоғай көшесіне аяқ су пайдаланатын
гидротехникалық құрылғысы салынып, 50 жарық бағаналары орнатылған. Ал Саламатов
пен Рысқұлов көшесінің жөндеу жұмыстары басталды. Бұл көшелердіде жоғарыда
аталған мекеме асфальттап жатыр. Жалпы, биыл облыс орталығында 93 көше
жөндеуден өтеді. Оған 4 милиард 558 миллион теңге қаржы қаралған.

Сонымен қатар,
Саламатов көшесінде 300 орынға лайықталған Мүсірәлі баба мешіті бой көтереді.
Облыс әкімі имандылық үйінің жобасымен танысты.
Сырдария өзенінің
жағалауын абаттандыру жұмыстары басталды. Мәселен, «Қор» мекемесі өз қаржысы
есебінен 2 шақырым жерге демалыс орнын салуда. Су бұрқақ, екі балалар ойын
алаңымен велосипедшілер және жаяу жүргіншілер жолын салды. Бұл жұмыстар алдағы
уақытта да жалғасын табатын болады.
Қызылорда қаласы
әкімшілігінде облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланды.
Шаһар басшысы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
 – Қалада оң өзгеріс
бары байқалады. Бірақ тоөмейілісуге әлі ерте. Өйткені, кезегін күткен шаруа шаш
етектен. Сондықтан арқаны кеңге салуға болмайды, – деді облыс әкімі
Қ.Көшербаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз