Қызылорда қаласы әкіміне жаңа орынбасар тағайындалды

39

0

Қызылорда қаласы әкіміне жаңа орынбасар тағайындалдыҚызылорда қаласы әкімінің өкімімен Базартай Жандос Нұртайұлы қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Жандос Нұртайұлы 1987 жылдың 16 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2005-2009 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы және 2009-2011 жылдары аталған университеттің «Тарих мамандығы бойынша педагогика, ғылымының магистрі» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының көмекшісі қызметінен бастаған.

2009-2012 жылдары «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хатшысы, Қызылорда облысы бойынша «Жас Отан» корпоративтік қорының директоры болды.

2012 жылы V шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты боп сайланған. 2012-2014 жылдары Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы қызметінде, 2014 жылдан осы уақытқа дейін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз