Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған өңірлік конференция болып өтті

82

0

Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған өңірлік конференция болып өттіҚорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер
сарайында кеше, 14 мамырда «Қасқа жолды Қасым хан» тақырыбында өңірлік
ғылыми конференция болып өтті.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты биылғы қыркүйек айында өткізетін «Қазақ құқығы мен билер
сотының төрелігі – қазақ мемлекеттілігінің феномені» тақырыбындағы 
халықаралық ғылыми конференцияға дайындық ретінде ұйымдастырылып отыр.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы Бағлан Мақұлбеков, Қызылорда облысының әкімі
Қырымбек Көшербаев, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда,
Маңғыстау облыстық соттарының төрағалары мен судьялары, құқық қорғау
органдарының өкілдері, ғалымдар, ардагерлер кеңесінің мүшелері, жастар
ұйымдарының белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты Қасым ханның қасқа
жолын қазіргі сот жүйесінде пайдаланып, әділ шешім шығару, сан ғасырлық
тарихы бар Қазақ мемлекеттілігінің мұрасымен танысу арқылы
отансүйгіштікті қалыптастыру болып табылады.

Жоғарғы Сот судьясы Б.Мақұлбеков іс шараны ашып,
Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің ашық хатын оқып берді. Онда Қайрат
Мәми Сыр бойында маржандай тізіліп жатқан қалалардың ішіндегі ең маңызды
тарихи орын – Сығанақ қаласы. Бұл қала 1468 жылы Қазақ хандығының
тұңғыш астанасы болған. Бұдан басқа Сыр бойында жатқан Сауран, Созақ,
Отырар, Түркістан, Жент, Баршынкент және тағы басқа да қалалардың Қазақ
хандығының экономикалық күш-қуатын нығайтудағы рөлі зор болғанындығын
атап көрсетті.

Өңірлік конференцияға Ақтөбе, Атырау, Батыс
Қазақстан, Маңғыстау облысының судьяларын, заңгерлерді және тарихшылар
мен этнограф ғалымдарды шақырудағы негізгі мақсат – мемлекетіміздің
тарих қойнауында жатқан дерек көзін, құпия сырын ашып, ұрпақтар жадына
сіңіру.

Конференция барысында Қазақ хандығы құрылуының
алғы шарттары, мемлекетті басқарудың өзекті мәселелері, құқықтық
тәрбиенің негізіне айналған ұлттық құндылықтар, Қазақ хандығындағы
билердің орны мен рөлі, сондай-ақ қазақ билері жүргізген әділ сот
тәжірибесіне сүйене отырып, қазіргі сот жүйесін жетілдірудің өзекті
мәселелері талқыланды.

Конференция материалдарынан жинақ құрастырылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз