Қызылорда қаласында балаларды балабақшамен қамту 99,3 пайызға жетті

46

0

Қызылорда қаласында балаларды балабақшамен қамту 99,3 пайызға жеттіҚызылорда қаласында мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы бойынша 3-6 жас
аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 99,3 пайызға жетті.

Бұл туралы Қызылорда қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылы жеке балабақшарлармен жұмыс жасайтын
ұйымдар жанынан қосымша топтар ашылып, 3075 балдырған мектепке дейінгі
тәрбиемен қамтылды. Соның бірі – 170 орындық «Хадиша ана» балабақшасында
бүлдіршіндерге барлық жағдай жасалған. Бүгінгі таңда қалалық білім
бөлімі арқылы мемлекеттік тапсырыс есебінен көмек алып отыр. Мұнда 7 топ
жұмыс істейді. Жаңа технологиямен, арнайы әдебиеттермен,
әдістемеліктермен жарақталған.
Ал 1972 жылы қолданысқа
берілген «Шаттық» балабақшасында 5 топ жұмыс істейді. «Энерго құрылыс»
ЖШС бөбекжайды күрделі жөндеуден өткізді.
Биыл облыс орталығындағы Көшербаев көшесінің бойынан 280 орындық мемлекеттік балабақшасы салынуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз