
Атап айтқанда, «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен 540 пәтерлік 11 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау үшін (36 мың 100 шаршы метр) – 1 млрд. 069 млн. теңге бөлініп отыр.
Бұл қаржы, «Ипподром» ауданындағы 19 мың 722 шаршы метрге, 300 пәтерді құрайтын 6 несиелік тұрғын үй құрылысының және «Арай-2» мөлтек ауданындағы 16 мың 378 шаршы метрге, 240 пәтерді құрайтын 5 несиелік тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін жұмсалатын болады.
Жалпы 2015 жылы Қызылорда қаласы бойынша пайдалануға тапсыру жоспарланған тұрғын үйлердің барлығы 130 мың 200 шаршы метрлік 2 мың пәтерді құрайтын 40 тұрғын үйді құрап отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!