Қызылорда қаласында тазалық айлығы жарияланды

48

0

Қызылорда қаласында тазалық айлығы жарияландыҚызылорда қаласында санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында 13 қыркүйектен бастап екі айлық тазалық акциясы жарияланды, – деп хабарлады қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мамен.

Барлық қала тұрғындарын, жеке кәсіпкерлерді, меншік нысанына қарамастан кәсіпорын, мекеме жетекшілерін облыс орталығының әрбір ауласы мен көшелерін, скверлері мен саябақтарын күтіп ұстауға үндей отырып, 13 қыркүйек пен 15 қараша аралығындағы қала әкімдігі жариялаған тазалық айлығын қолдауға шақырамыз.

Айта кету керек, көктем мезгілінде өткізілген сенбіліктер аясында 30 мыңға тарта адам қатыстырылып, 27 180 метр арық жүйелері тазаланып, 457 текше метр күл-қоқыстар шығарылды, арық баратын көшелер бойына 16 мың түп ағаш көшеттер отырғызылды, – делінген хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз