Қызылорда қаласындағы ауыс-түйіс

60

0

Қызылорда қаласындағы ауыс-түйісБүгін қала әкімдігінің мәжілісінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар кадрлық өзгерістермен таныстырды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қала әкімінің 2014 жылғы 4 тамыздағы өкімімен Боханова Роза Аяғанқызы қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Роза Аяғанқызы 1958 жылы 3 қыркүйекте Жалағаш ауданында дүниеге келген, 1975-1980 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын инженер-механик, 2001-2003 жылдары Қызылорда гуманитарлық университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Жаңа қызметіне дейін, яғни 2013 жылғы наурыз айынан бүгінгі күнге дейін қала әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.
Осы уақытқа дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған Рүстемов Руслан Рүстемұлы өз өтініші негізінде атқарып отырған қызметінен босатылып, облыс әкімінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №458 өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
Ал қала басшысы мәжілісте Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының шешімімен және қала әкімінің 2014 жылғы 4 шілдедегі өкімімен  Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі қызметіне тағайындалған Сейілов Медет Есдәулетұлын да таныстырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз