Қызылорда қаласының командасы тоғызыншы мәрте жеңімпаз атанды

40

0

 Қызылорда қаласының командасы тоғызыншы мәрте  жеңімпаз атандыҚызылорда қаласында 17-22 тамыз аралығында «Нашақорлыққажол жоқ!» ұранымен «Петро
Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ң жүлдесіне арналған футболдан мектеп оқушылар
арасында облыстық дәстүрлі жарыс аяқталды. Осымен 19 – шы мәрте ұйымдастырылған
жарысқа облыстың жеті ауданы мен
Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан 9 команда
қатысты.

Нәтижесінде Қызылорда қаласының командасы осымен
тоғызыншы мәрте жеңімпаз атанды. Екінші
орынды – Сырдария ауданының командасы, үшінші орынды -Байқоңыр қаласының командасы еншіледі.

«Үздік қақпашы» – Әсет
Шымкентов (Шиелі ауд.),

«Үздік қорғаушы» – Руслан Алмасұлы (Жаңақорған ауд.)

«Үздік жартылай
қорғаушы»
– Ернар
Самұратов (Арал ауд.)

«Үздік шабуылшы» – Айдос Совет (Қазалы ауд.)

«Мерген ойыншы» – Диас Сағынбай (Жалағаш ауд.)

«Үздік жаттықтырушы» – Нұрлан Байшораев (Қызылорда қ.),
Болатбек Жұманазаров (Арал ауд.), «Үздік төреші» – Мақсат Әжімбетов, Алексей
Куберский, Абзал Жаханов, Еркін Жантуғановтар (Қызылорда қ.) марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз