Қызылорда-Анталия жаңа чартерлі рейсі ашылды

83

0

Қызылорда-Анталия жаңа чартерлі рейсі ашылдыҚызылорда мен Анталия арасындағы алғашқы жаңа чартерлі рейс ашылды.Boeing B757-200 жабдықталған әуе кемесімен жерорта теңізіне 90 жолаушы ұшып кетті.

Жаңа
бағыт қызылордалықтарға түрік курорты Анталияға саяхат сапарын сатып
алуда қаржы үнемдеуіне мүмкіндік береді. 10 күндік демалыстың құны бір
адамға 669$ құрады.

Қызылорда қ. әуежайы «Қорқыт Ата» 2014 жылы
«Airport Management Group» ЖШС сенімгерлік басқаруына берілген болатын.
Сол жылдың қазан айында «Қорқыт Ата» халықаралық рейстерді жүзеге асыру
құқығын алды. Әуежайдың халықаралық мәртебесі өңірдің тұрғындары мен
әлеуетті инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Осы жылы
«Қызылорда-Мәскеу» рейсі ашылдған болатын. Астана, Алматы, Қарағанды
және Қазақстанның өзге де қалаларына 27 астам рейс қатынайды. Аэровокзал
кешенінің өткізу қабілеттілігі сағатына 150 жолаушы.

«Алғашқы тікелей туристік рейстің ашылуына сұраныс
Airport Management Group мамандарымен талданып зерттелді, статистика
және қала мен облыс тұрғындарының қалауының нәтижесі бойынша Анталья,
Турция қалаларына жазғы чартерлі бағдарлама ашу шешімі қабылданды.
Тұрғылықты тұрғындар Қазақстанның өзге әуежайлары арқылы ұшуға мәжбүр
болды, бұл жол уақытына елеулі әсерін тигізетін», – деп жазылған
«Airport Management Group» басқарушы компаниясының баспасөз
хабарламасында.

Анталияға халықаралық чартерлі рейс «Sunday Airlines» әуекомпаниясының бортында «Kazunion» туроператорымен жүзеге асырылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз