Ауылдарда мектеп тапшы

51

0

Ауылдарда мектеп тапшы800-ден астам қызылордалық оқушы ауылдарында мектеп жоқ болғандықтан, күн сайын көршілес елді мекендерге барып білім алады, деп мәлімдеді облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамов.

Оның айтуынша, қырық шақты ұсақ елді мекенде 872 оқушы бар. Олардың барлығы ауылдарында мектеп жоқ болғандықтан, білім алу үшін бірнеше шақырымдағы елді мекендерге автобуспен қатынауға мәжбүр. Облыстық бюджет көлікпен тасымалдауды қаржыландырады, барлық оқушылар мектепке уақытында жеткізілетін болады әрі ата-аналар да артық шығынға батпайды.

Өңірдің 35 ауылында оқушылар саны аз мектептер де бар. Тұтастай алғанда облыста 291 мектеп, 34 колледж, 8 мектеп интернат бірінші қыркүйекке дайын. Жаңа оқу жылында 126 000 бала мектеп табалдырығын аттайды. Бірінші сынып оқушыларының саны жылдан-жылға артып келеді, мысалы биыл өткен жылға қарағанда 600-ге артық. Бұл өңірдегі демографиялық үдерістермен де байланысты.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз