Қызылорда Батыржан Шалғынбаевты еске алды

50

0

Қызылорда Батыржан Шалғынбаевты еске алдыҚызылорда қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан облыстық ашық турнир өткізілді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 19-шы мәрте ұйымдастырылған турнирге Байқоңыр қаласы, Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысынан 24 команда қатысып, үздіктері анықталды.

Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша «Азамат» командасы бірінші орынды иеленді. Олар финалда «Атамұра» командасын ұтты. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғандықтан жеңімпаз тек айып добын орындау барысында анықталып, есеп 4:3 болды. Үшінші орынды «Орион» командасы, төртінші орынды «Петро Қазақстан» командалары иеленді.

Турнирде Батыржан Шалғынбаев атындағы қордың атынан 1-ші орынға 250 мың теңге, 2 -ші орынға 150 мың теңге, 3-ші орынға 100 мың теңге, 4-ші орынға 50 мың теңге мен бағалы сыйлықтар табысталып, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хаттары берілді.

Сондай-ақ, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен жастарға патриоттық тәрбие беру бағытында аталмыш турнирде белсенділік танытқаны үшін 2019 әскери бөлімінің, «Евразия» спорт кешенінің ұжымдарына және жарыстың бас төрешісі Асқар Серековке «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының алғыс хаттары табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз