Қызылорда дәрігерлері баласы жарақат алған ата-аналарды жазалауды ұсынып отыр

50

0

Қызылорда дәрігерлері баласы жарақат алған ата-аналарды жазалауды ұсынып отырҚызылордалық
дәрігерлер Қазақстанда ата-анасының салғырттығынан жарақат алған
балалардың әке-шешесі үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді ұсынып отыр,
деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Бүлдіршіндердің жарақат алуында
ересектердің кінәсі әрқашан болады. Әдетте күнделікті күйбең тіршіліктен
қолы босамайтын азаматтар сәбилерін қараусыз қалдырып жатады. Мұның
арты орны толмас өкінішпен аяқталуы мүмкін. Сондықтан бұл үшін жаза
енгізу қажет. Мысалға, Израильде заң бойынша ата-анасының салғырттығынан
баласы жараланып қалса, онда ересектер әкімшілік жазаға тартылады.
Оларға салынатын айыппұл көлемі де аз емес. Егер біздің елде де
әкімшілік шаралар енгізілсе, ата-аналар балаларының қауіпсіздігі жайында
көбірек ойланар еді», – дейді Қызылорда облыстық медициналық
орталығының балалар хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Аманғали
Нұрымов. 
«Сәбилердің химиялық препараттарды
қабылдау фактілері де жиілеп кетті. Өкінішке қарай, көп жағдайда мұның
арты өліммен аяқталады. Әсіресе сірке суы мен марганец ерітіндісінен
уланған балалардың жағдайы тым қиын болады. Көбінесе біздің науқастар
осыдан кейін ұзақ уақыт оңала алмай, мүгедек атанып, арбаға таңылады. Ал
мұның түп төркініне үңілсек, бұған денсаулыққа қауіпті заттарды оңай
жерде сақтаған ата-ана кінәлі», – дейді дәрігер Нұрымов. 
«Сонымен қатар жаз уақытында
балалардың ашық қалған терезеден құлауы жиі тіркеледі. Бұл жағдайда да
бар кінә ата-анада, олар күн ыстықта терезені ашық қалдырып, сәбилерін
қадағалауды естен шығарады», – дейді ол.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз