Қызылорда гүлге оранатын болды

55

0

Қызылорда гүлге оранатын болдыҚазір Қызылорда қаласы гүлге оранып тұр. Жалпы қалада биыл көлемі 40 мың шаршы метр аумаққа және 44 сквер, аллеяларға гүлдер мен газондар, 13 мың түп ағаш отырғызылмақ.
Бұдан бөлек, қаланы көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында 2 айлық тазалық айлығы жарияланды. Мамыр айының соңында айлықтың қорытындысы шығарылады. «Жыл басында тұрғындар алдындағы есепті кездесуде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Биылғы жылы тұрғындардың көгалдандыру шараларына белсенді қатысуын ынталандыру мақсатында бағалы жүлделер тағайындап,  «Үлгілі ауыл», «Үлгілі көше», «Үлгілі аула», «Үлгілі тұрғын үй» арнайы конкурстарын өткізетін боламыз», – деген болатын. Бүгінде тиісті комиссия бұл бағыттағы жұмыстарға талдау жұмыстарын жүргізуде» деп хабарлайды қала әкімдігі баспасөз қызметі.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз